Қоғам
Атырау облысында қаза тапқан ерлі-зайыптылар жер қойнына тапсырылды
- авторОймақ
- 8 қаңтар, 2026
- 48
Марқұмдарды жерлеу ісін ұйымдастыруды олардың жақын туыстары өз мойнына алған.
Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бұған дейін мәйіттері шаруашылық құрылысынан табылған ерлі-зайыптылар жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Марқұмдармен қоштасуға туған-туыстары, көршілері және ауыл тұрғындары жиналды.
Жерлеу рәсімі таңертең ауылдағы зиратта өтті. Қаралы жиын барысында қайғыға батқан жұрт көз жасына ерік берді.
Ауыл әкімдігінің мәліметінше, марқұмдарды жерлеу ісін ұйымдастыруды олардың жақын туыстары өз мойнына алған.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала






