сәрсенбі, 24 желтоқсан, 2025 19:17

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркістан облысында 16 жастағы қыздың өліміне қатысты сот үкімі жарияланды

Түркістан облысында 16 жастағы қыздың өліміне қатысты сот үкімі жарияланды
фото: ашық дереккөз
Ауыр қылмыс жасаған Өзбекстан азаматы өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Түркістан облысының соты Ордабасы ауданындағы 16 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша соңғы үкімді жариялады. Ауыр қылмыс жасаған Өзбекстан азаматы енді қалған өмірін темір тордың арғы жағында өткізеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Otyrar-ға сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай биыл 6 маусымда Төрткүл ауылында орын алған. Жасөспірім қыз отбасына тиесілі дүкеннен үйіне қайтып бара жатқан жолда жоғалып кеткен. Туыстары мен ауыл тұрғындары полициямен бірлесіп түні бойы іздеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде оқушының мәйіті жергілікті балабақша маңындағы жол жиегінен табылған болатын.

Істің құпиялылығы мен жәбірленушінің кәмелетке толмағанын ескере отырып, сот процесі жабық режимде өтті. 38 жастағы айыпталушыға бірнеше ауыр баптар бойынша айып тағылды:

Адам өлтіру;

Зорлау;

Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері.

Сот алқасы жиналған дәлелдемелерді қарап, Өзбекстан азаматын кінәлі деп таныды. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейтін болады.

Жаза мерзімінен бөлек, сот сотталушыны жәбірленуші тарапқа (қыздың отбасына) келтірілген моральдық зиян үшін 50 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуді міндеттеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар