Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов докторантураға (PhD) түсу талаптарына өзгеріс енгізілгенін хабарлады. Оның айтуынша, депутаттық сауалдан кейін жауапты ведомство маңызды шешім қабылдаған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Енді төрт білім беру бағыты бойынша PhD бағдарламасына түсушілерден ағылшын тілі сертификаты талап етілмейді. Олар:
– дене шынықтыру;
– музыка;
– қазақ тілі мен әдебиеті;
– орыс тілі мен әдебиеті.
Депутаттың пікірінше, бұл талап бұрын орынды болғанымен, қазіргі заманда, әсіресе жасанды интеллект құралдары кеңінен қолданыла бастаған кезеңде, қайта қарауды қажет еткен.
Сонымен қатар 2026 жылдан бастап докторантураға түсу кезінде дәстүрлі эссенің орнына Research Proposal, яғни ғылыми зерттеу ұсынысын тапсыру тәртібі енгізіледі. Бұл ұсыныс та қабылданған.
Асхат Аймағамбетов аталған шешімдер үшін жауапты министрлікке алғыс білдіріп, Scopus және басқа да өзекті мәселелер бойынша жұмыс жалғасатынын атап өтті.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Жетісулық әйел апта сайын мысығын кір жуғыш машинаға салып жуған
- авторОймақ
- 23 желтоқсан, 2025
"Сәлемдеме келді": алаяқтар ақтөбелік қызды алдап, 6,5 миллион теңге алдыртқан
- авторОймақ
- 23 желтоқсан, 2025





