бейсенбі, 18 желтоқсан, 2025 15:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Air Astana әуе компаниясы ұшағы Делиге қонуға мәжбүр болған

Air Astana әуе компаниясы ұшағы Делиге қонуға мәжбүр болған
YouTube
Бортта 138 жолаушы болған.

Техникалық ақауға байланысты Air Astana әуе компаниясының Алматы – Бангкок бағытындағы рейсі Үндістанның Дели қаласындағы әуежайға мәжбүрлі түрде қонды. Бұл ақпаратты әуе тасымалдаушысы ресми түрде растады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Компанияның мәліметінше, ұшақ 18 желтоқсанға қараған түні сағат 01:00-де Алматыдан ұшып шыққан. Бортта 138 жолаушы болған. Әуе кемесі жергілікті уақыт бойынша 05:51-де Делидегі әуежайға сәтті қонған.

Air Astana өкілдері жолаушыларға тамақ берілгенін, сондай-ақ уақытша визалар рәсімделгенін хабарлады. Қазіргі уақытта оларды қонақүйге орналастыру мәселесі шешіліп жатыр. Сонымен қатар Бангкокқа сапарды жалғастыру үшін қосымша әуе кемесі дайындалуда.

Әуе компаниясы жағдайды толық бақылауда ұстап отырғанын және жолаушылардың қауіпсіздігі басты назарда екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Air Astana-ның Алматы – Астана бағыты бойынша орындалған рейсі кезінде салонда түтін байқалып, экипаж Mayday белгісін берген болатын. Кейін бұл жағдайдың кондиционер жүйесінен шыққан әдеттен тыс иіспен байланысты екені хабарланған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар