бейсенбі, 18 желтоқсан, 2025 20:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қонаевта төтенше жағдай жарияланды

Қонаевта төтенше жағдай жарияланды
Фото: facebook.com/konaev.gov
Желдің екпінінен тұрғын үйлер мен ғимараттарға зарар келген.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, Қонаевта 12 желтоқсанға қараған түні қатты желдің (желдің ең жоғары екпіні секундына 25 метрден асқан) салдарынан бірқатар тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырлары зақымданып, көшедегі жарықтандыру бағаналары істен шыққан, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

«Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына (“Азаматтық қорғау туралы”, “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” заңдар) сәйкес Қонаев қаласының әкімі табиғи сипаттағы жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. 17 желтоқсаннан бастап жергілікті деңгейдегі ТЖ ресми түрде жарияланды», – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар резерві қаражаты есебінен зақымданған нысандарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.

Қала коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта Қонаевтағы жағдай тұрақты: электрмен жабдықтау, су және жылумен қамтамасыз ету штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп қосты әкімдікте.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар