 
                                    Көпбалалы анаға баланы тәрбиелеу жөніндегі ата-аналық міндеттерін орындамады деген айып тағылған (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 1-бөлігі).
Қаулымен келіспеген әйел өзіне салынған айыппұлды заңсыз деп санап, сотқа жүгінген.
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты істі қарай келе, келесі мән-жайды анықтады:
Сот еңбек шартында мөрдің болмауы кәмелетке толмаған ның кінәсі емес екенін, ешкім өз кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес екенін атап өткен.
жеке кәсіпкер мен талап қоюшының қызы арасында іс жүзінде консультант ретінде жұмысқа қабылдау туралы шарт жасалған, ол сотқа ұсынылған;
жұмыс беруші мен кәмелетке толмаған қыз сотта оның 17 жаста екенін түсіндірген;
Еңбек кодексіне сәйкес, 16 жасқа толған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін, бұл ретте кәмелетке толмағандардың жұмыс уақыты күніне 2 сағаттан аспауға тиіс;
қыз кәмелетке толмаған тоғыз бауыры бар көпбалалы отбасына көмектесу мақсатында жұмыс істеген.
Сот еңбек шартында мөрдің болмауы кәмелетке толмаған азаматтың кінәсі емес екенін, ешкім өз кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес екенін атап өткен.
Сондай-ақ әкімшілік іс жүргізу барысында адамның кінәлі екеніне қатысты барлық күмән оның пайдасына қаралатыны айтылды. Адам тек өз кінәсі дәлелденген әрекет үшін ғана әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
"Жоғарыда келтірілген мән-жайларды ескере отырып, сот әйелдің талапбын қанағаттандырып, оған қатысты толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жойды", - делінген хабарламада.
Соттың қаулысы заңды күшіне енді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Сенаторлар Маңғыстау облысында тарихи туризмді дамыту шараларын талқылады
- авторОймақ
- 31 қазан, 2025






