сенбі, 1 қараша, 2025 3:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркістанда 14 адам астан уланды

Түркістанда 14 адам астан уланды
Фото: ашық дереккөз
Олар суши, пицца және чикенді тапсырыспен алдырған.

Түркістанда жарты жыл бұрын жабылып қалған дәмхананың фастфудынан 14 адам уланып қалды.

Биыл наурыз айында да дәл осы орталықтан тамақ алып жегендер уланып, 68 адам ауруханадан бір-ақ шыққан. Ол кезде мекеме жабылғанымен, кәсіпкер жұмысын жасырын жалғастыра берген. Бір жылда екінші мәрте қайталанған соң тамақтану орны толық жабылып, полиция ҚР ҚК "Санитария ережелері немесе гигиена нормативтерін бұзу" бабы бойынша іс қозғады. Бұл бап бойынша кінәлілер екі жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, соңғы үш жылда өңірде осындай жаппай уланудан 200-ден астам адам зардап шекті.

"Кемшілікті жоймастан, осы нысанда қазан айынан бастап тамақ дайындауға қайта кіріскен. 21 қазанда екінші рет жаппай тамақтан улану тіркелді. Жалпы зардап шеккендердің саны – 14. Науқастардың бәрі пицца, суши, чикенды үйге алғызған. Олардың жағдайына байланысты Түркістан облысы СЭБД аумақтық басқармасы тарапынан нысандарға жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, санитария нормасын сақтамай, өрескел кемшіліктерге жол берілгені анықталды", – дейді Түркістан облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов.  

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар