бейсенбі, 23 қазан, 2025 1:34

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

15 жастағы қыз жүкті болып қалған: істі қараған полицейлер тексеріледі

15 жастағы қыз жүкті болып қалған: істі қараған полицейлер тексеріледі
pexels
Бұл туралы Динара Зәкиева мәлімдеді.

Түркістан облысында 15 жастағы қыздың 71 жастағы ер адамнан босану ісін қараған Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеріліп жатыр. Бұл туралы балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға Еңбекші ауылында болған. Күдіктіге қатысты «Зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Динара Зәкиева мәлім еткендей, полиция бұл істі есептен шығарып тастаған, сондықтан Ішкі істер министрлігі мен облыстық прокуратура олардың әрекеттеріне қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр.

– Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыздың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы жасалған қылмыс фактісі бойынша ІІМ және облыстық прокуратурамен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Омбудсменнің сөзінше, қыз бала биыл қаңтар айында Астанада босанған. Дәрігерлер бұл жағдай жөнінде дереу полицияға хабарлаған. Кейін іс материалдары Келес аудандық полициясына, яғни аймақтық тергеу құзыретіне сәйкес жолданған.

Алайда қыздың анасы ресми арызды тек қазан айында ғана берген. Қазір бұл істі балалар құқықтары жөніндегі уәкілдің арнайы өкілі бақылауға алып, өңірге жіберілген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар