сәрсенбі, 22 қазан, 2025 23:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Үкімет 2026 жылғы бюджеттің негізгі параметрлерін ұсынды

Үкімет 2026 жылғы бюджеттің негізгі параметрлерін ұсынды
Фото: gov.kz
Мәжілістің жалпы отырысында "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын қарау барысында қаржы министрі Мәди Такиев 2026 жылға арналған бюджеттің негізгі параметрлері туралы баяндады.

Мәди Такиевті айтуынша, бюджет параметрлері келесідей қалыптасқан.

"2026 жылға түсімдер 23,1 трлн теңге деңгейінде болжанып отыр. Оның ішінде, (трансферттерді есептемегенде) кірістер 19,2 трлн теңгені құрайды. Экономиканың өсіміне, жаңа Салық кодексінің қабылдауына, оның ішінде салықтық және кедендік әкімшілендіруге байланысты, осы жылмен салыстырғанда кірістер 3,6 трлн теңгеге артып отыр. Бұл, мемлекеттік қаржының тұрақтылығына алып келеді", - министр.

Бұл ретте бюджет шығыстары 27,8 трлн теңгені құраған, яғни осы жылмен салыстырғанда 2 трлн теңгеге артық.

Мәди Такиев 2026 жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,5 пайыз деңгейінде, ал 2028 жылға қарай 0,9 пайызға дейін төмендеуі болжанып отырғанын атап өтті.

Бұл бюджеттік тәртіпті нығайтуға және борыштық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар