бейсенбі, 16 қазан, 2025 15:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қызметкерлеріне балағат сөз айтқан теміржол басшысының қызметі өсті

Қызметкерлеріне балағат сөз айтқан теміржол басшысының қызметі өсті
скрин
Оның жұмысқа деген адалдығы мен салаға жанашырлығын жоғары бағалағанү

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы – «ҚТЖ–Жүк тасымалы» ЖШС жаңа басшыға ие болды. Компанияның бас директоры (басқарма төрағасы) болып Асан Үмбетов тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «ҚТЖ» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асан Үмбетов бұған дейін қатал сөзімен бағыныштыларын сынға алған видеосынан кейін елге кеңінен танылған болатын. Сол кезде оның әрекеті қоғамда үлкен талқылау туғызған еді. Көпшілік бейәдеп сөз қолданғанын сынағанымен, жұмысқа деген адалдығы мен салаға жанашырлығын жоғары бағалаған.

Ұлттық компанияның хабарлауынша, «ҚТЖ» және оның еншілес ұйымдарында басқару тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар кадрлық өзгеріс жасалған.

Атап айтқанда:

Владимир Петров – «ҚТЖ» АҚ филиалы «Тасымалдау процесін басқару дирекциясының» директоры болып тағайындалды;

Сәкен Рахметов – «ҚТЖ» АҚ филиалы «Магистральдық желі дирекциясының» басқарушы директоры – директоры болды;

Марат Шәкенов – «ҚТЖ» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды;

Дияр Нүсіпқожанов – «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы (бас директоры) болды;

Александр Ширяев – «Қазтеміртранс» АҚ басқарма төрағасы (бас директоры) болып тағайындалды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар