бейсенбі, 18 қыркүйек, 2025 13:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Талғарда мас адам ауладағы адамдарды пышақтамақ болған (видео)

Талғарда мас адам ауладағы адамдарды пышақтамақ болған (видео)
скрин
Құқық бұзушы тез арада ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Талғар қаласында 35 жастағы мас адам аулада жүрген адамдарды пышақтап, өлтірмек болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиғаның барысын жергілікті тұрғын телефонына түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады.

«Талғарда Абай көшесіндегі аулада ер адам пышақ ұстап, балаларға тап берді. Мен оны аяғынан теуіп құлатып, назарын өзіме аудардым», – делінген жазбада.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушы тез арада ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қауіптің алдын алу мақсатында ол наркологиялық диспансерге жатқызылды.

Ер адам ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Полиция азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кез келген әрекетті қатаң бақылауда ұстайтынын және құқық бұзушыларға қарсы жедел шаралар қолданатынын ескертті.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар