сәрсенбі, 17 қыркүйек, 2025 19:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жол апаты: Жетісу облысында қаза тапқан 10 адам бір-біріне туыс болған

Жол апаты: Жетісу облысында қаза тапқан 10 адам бір-біріне туыс болған
ашық дереккөз
Nissan Cefiro көлігін 18 жастағы бозбала басқарған.

Жетісу облысындағы жол апатында қаза тапқан 10 адам бір-біріне туыс болған, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Nissan Cefiro көлігін 18 жастағы бозбала басқарған. Оның жүргізуші куәлігі де болмады.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, жол апатына кінәлі адам көлікті рұқсатсыз мініп кеткен. Ол оқиға орнында қайтыс болды. Бұдан бөлек, Lada ВАЗ автокөлігінде болған төрт адамның біреуі, ал Chevrolet Cobalt автокөлігінде сегіз адам, соның ішінде бір оқиға орнында көз жұмды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жол апатында қаза тапқандар бір-біріне туыс болған. Бір отбасының мүшелері тойдан қайтып келе жатқанда жол апатына түскен. Lada-да отырған бір адам ғана тірі қалды. Оны дәрігерлік тексерістен кейін үйіне жіберді.

Айта кетерлігі, жантүршігерлік жол апаты кезінде Nissan Cefiro қарсы жолдың қарсы бетіне шығып, Lada мен Chevrolet Cobalt-ты соққан.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар