сәрсенбі, 17 қыркүйек, 2025 12:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Президент: Дін басшылары – бейбітшілік елшілері

Президент: Дін басшылары – бейбітшілік елшілері
Фото: Артем Чурсинов
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінде мәлімдеді.

Бүгін Астана төрінде әлемнің ең беделді рухани көшбасшылары бас қосып жатыр. Бұл – біз үшін үлкен құрмет, зор мәртебе. Қазір жер жүзінде сын-қатерлер көбейіп, халықаралық ахуал ушығып тұр. Соның салдарынан түрлі қақтығыстар көбеюде. Алмағайып кезең ешкімге оңай болып жатқан жоқ. Өкінішке қарай, соғыстың сипаты мен болмысы белең алуда. Дегенмен біз өткен заманнан дұрыс сабақ алып, сындарлы әрі ашық келіссөздерге ұмтылуымыз керек. Мәмілеге балама жоқ, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент бұл тұрғыдан алғанда бүгінгі съездің мән-маңызы айрықша деп атады.

Дін басшыларын гуманистік көзқарастарды ту еткен бейбітшілік елшілері деп атауға болады. Сіздер ортақ мүдде үшін бірігіп, әлем жұртшылығын игі мақсат жолына жұмылдыруға ниет білдіріп отырсыздар. Баршаңызға шынайы ризашалығымды білдіремін, - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі басталды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар