сенбі, 26 шілде, 2025 21:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Пойызда босанып, нәрестесін лақтырып жіберген әйелге қатысты сот үкімі шықты

Пойызда босанып, нәрестесін лақтырып жіберген әйелге қатысты сот үкімі шықты
Фото: freepik.com
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қарағанды көлік прокуратурасы пойызда босанып, нәрестесін лақтырып жіберген әйелге қатысты сот тергеуін аяқтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

2025 жылдың 20 сәуірінде «Қарағанды-Сортировочная–Сарыбел» бағытындағы пойызда жолаушы әйел толғақ қысып, тиісті медициналық көмексіз вагонның санитарлық бөлмесінде босанған. Белгілі болғандай, психикалық ауытқуы бар әйел ауруы асқынған кезінде жаңа туған нәрестесін санитарлық шұңқырға тастап жіберген. Сәби теміржолға құлап, шетінеп кеткен.

Қарағанды облысының Осакаров аудандық соты әйелді қылмыстық іс-әрекет жасаған сәтінде есі дұрыс емес болған деп танып, оны арнайы медициналық мекемеде мәжбүрлеп емдеу туралы қаулы шығарды, – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар