сенбі, 26 шілде, 2025 11:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Перизат Қайрат пен анасынан тәркілетін мүлік тізімі белгілі болды

Перизат Қайрат пен анасынан тәркілетін мүлік тізімі белгілі болды
Фото: коллаж inbusiness.kz
Бұған дейінгі өткен сот процестерінде айыпталушылардан тәркіленуі мүмкін дүние-мүліктер сөз болған еді.

Сот үкімімен соң Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаевадан мемлекетке тәркіленген мүлік тізімі және қаржы көлемі жария болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар:

– "Vela Village" коттедж қалашығындағы жеке үй;

– "Akbulak Riviera", "Sensata Plaza", "Highvill Ishim Gold", "Көк Жайлау" тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен автотұрақтар;

– "Mercedes-Benz S450" 2024 ж., "Lexus LX 600" 2024 ж;

– "Rebel Flowers" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% үлесі;

– 97 млн теңгеден астам қаражат және 22 мың АҚШ доллары.

– Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваның адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет әрі аса ірі көлемде жасалған алаяқтық, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру әрекеті жиналған дәлелдемелермен, жәбірленушілер мен куәгерлердің айғағымен, банк құжаттары және заттай толық дәлелденді, – деді судья Сабыржан Кәрімов.

Бұған дейінгі өткен сот процестерінде айыпталушылардан тәркіленуі мүмкін дүние-мүліктер сөз болған еді. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар