сенбі, 26 шілде, 2025 11:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға сотталды

Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға сотталды
Коллаж: Turkystan.kz
Істі Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қарады.

Қайырымдылыққа жиналған 3,5 млрд теңгені жымқырды деп күдікке ілінген Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға сот үкімі шықты, деп хабарлады Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Істі Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында судья Сабыржан Кәрімов қарады.

Сот үкімі бойынша, Перизат Қайрат алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру баптары бойынша айыпты деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал анасы 7 жылға сотталды.

Айыпталушылар кінәсін мойындамады.

Еске сала кетейік, Перизат Қайрат ісі 2024 жылдың қарашасында көктемгі тасқынға жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген айыппен басталды. 2025 жылдың 9 шілдесінде Астанада сот процесі ашылды, кейбір отырыстар банктік құпияларға байланысты жабық өтті. 14-18 шілде аралығында куәгерлер мен жәбірленушілер жауап беріп, қаражаттың мақсатсыз жұмсалғаны айтылды. 22 шілдеде прокурор Қайратқа 10 жыл, анасына 8 жыл түрме жазасын сұрады. 24 шілдеде жарыссөз аяқталып, үкімнің шығуы күтілуде.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2021–2024 жылдар аралығында жиналған қайырымдылық қаражатының жалпы көлемі 3,5 млрд теңгеге жуық, оның ішінде 158 млн теңгеге жуық зергерлік бұйымдар, сөмкелер мен аяқкиімдерге, гүл бизнесіне және пәтер‑көлікке жұмсалғаны анықталған.

Мемлекеттік айыптаушы тәркілеуді ұсынған мүлік тізімінде:  Mercedes‑Benz S450, Lexus LX 600, Haval H6 GT және Mercedes‑Benz IQ 500 көліктері; Астанада орналасқан Villa Village коттеджіндегі жеке тұрғын үй; “Akbulak Riviera”, “Sensata Group”, “Көк Жайлау”, “Highvill Gold Ishim” тұрғын үй кешендеріндегі бірнеше пәтер мен автотұрақ орындары; сондай‑ақ сөмкелер, зергерлік бұйымдар, аяқкиімдер, аксессуарлар, гүл салондары акциялары және қайырымдылық қорларының шоттарындағы ақша қаражаттары болды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар