бейсенбі, 24 шілде, 2025 3:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Өгей қызын зорлаған әкеге үкім шықты

Өгей қызын зорлаған әкеге үкім шықты
istockphoto.com
Оқиға 2024 жылдың желтоқсанында болған.

Павлодар облысында мектеп оқушысын 47 жастағы өгей әкесі зорлаған, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 2024 жылдың желтоқсанында болған. Ол кезде қыздың жасы 13-те болған.

Жасөспірім биылғы наурыз айында мектеп психологына өзінің түнде шошып оянып жүргенін, желтоқсанда жатын бөлмеде өгей әкесінің зорлағанын айтқан. Психолог бұл жайды мектеп директорына жеткізген. Директор полицияға хабар берген.

Сотта ер адам өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол жыныстық қарым-қатынасқа түсуге қыздың өзі келіскенін айтқан. Қыздың анасы да қызының өз еркімен қосылғанын жеткізген.

Отбасында бұл қыздан бөлек кәмелетке толмаған үш бала бар. Қыздың анасы сол балаларды жалғыз өзі қалай жеткіземін деп уайымдаған.

Сотталушы қызға мас кезінде тиіскен. Бұл жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қаралды.

Сот оны өмір бойы бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі аса жоғары мекемеде өтейді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар