сәрсенбі, 18 маусым, 2025 20:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ипотека мөлшерлемесін төмендету кейінге қалдырылды

Ипотека мөлшерлемесін төмендету кейінге қалдырылды
depositphotos.com
Бұл норма 2025 жылдың 1 қарашасына дейін кейінге шегерілді.

Ипотека мөлшерлемесін төмендету кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді.

2024 жылы қабылданған шешімге сәйкес, ипотека бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға дейін төмендеуі тиіс еді. Алайда, бұл норма 2025 жылдың 1 қарашасына дейін кейінге шегерілді.

«Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысының 1-тармағының қолданысы 2025 жылғы 1 қарашаға дейін тоқтатыла тұрсын, — делінген құжатта.

Осы уақыт ішінде қолданыста болатын шекті мөлшерлемелер:

Ипотекалық қарыздар — 25%

Кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары — 35%

Кепілсіз қарыздар мен микрокредиттер — 46%

Егер қаулы өзгермесе, жаңа мөлшерлеме 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар