жұма, 6 маусым, 2025 23:39

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шерзат соты: Сотталушылар үкім оқылғаннан қарсылық көрсетті

Шерзат соты: Сотталушылар үкім оқылғаннан қарсылық көрсетті
видеодан скриншот
Сотталушылар үкім оқылғаннан кейін қарсылық көрсетті

«Абзал, қой, Құдайдан қайтсын»:

Бүгін марқұм Шерзат Полат өліміне кінәлілерге сот үкімі шықты. Судья үкімді оқып болғаннан кейін сотталушылар сот залында терезені шағып, қарсылық көрсеткен.

Сол сәтте түсірілген видеоны жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

Видеодан сотталушылардың аналары мен жиналған адамдардың «Абзал, қой, Құдайдан қайтсын», «Дидар, қой» деген дауыстары естіледі.

Айта кетейік, сот үкімімен Абзал Шынасыл – 23 жылға, Равиль Сакиев – 20 жылға, Азамат Тоқтаубаев – 15 жылға, Нұрқияс Ілиясов –  9 жылға, Шыңғыс Белғожаев – 7 жылға, Дархан Әскентай – 7 жылға, Нұрбол Тоқтаубаев – 7 жылға, Дидар Қалиахмет – 7 жылға, Думан Ысқақ – 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар