жұма, 6 маусым, 2025 11:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы челлендж өтіп жатыр

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы челлендж өтіп жатыр
фото: скрин
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.

Республикамызда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы челлендж өтуде, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.

“Кезекті челлендж Шымкент қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы республикалық бастама аясында өтті. Акция Қарағанды облысынан қабылданып, Шымкент қаласында прокуратура, әкімдік, полиция департаменті және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуымен жалғасын тапты. Челлендж аясында отбасылық құндылықтарды, сыйластық пен қауіпсіздікті насихаттауға бағытталған іс-шаралар өтті. Тұрғындарға ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Іс-шара соңында челлендж символикалық түрде Қызылорда облысына табысталған. Бұл өңірлер арасындағы ынтымақтастық пен бірлікті, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың алдын алудағы сабақтастықты көрсетпек.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар