
Мысыр әуежайында көз жұмған Қазақстан азаматы Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізіледі, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Мысырда мерт болған отандасымыз Ақмарал Мұқанова мен оның ұлының медициналық сақтандыруы болғандықтан, барлық шығынды сақтандыру компаниясы өтейді.
Марқұмның денесі Шарм-эш-Шейхтан не Каирден жеткізіледі.
2025 жылғы 18 мамырда Мысырдың Шарм-эль-Шейх халықаралық әуежайында қайғылы оқиға болды. Астанаға ұшуға дайындалып жатқан қазақстандық Ақмарал Мұқанова жазатайым жағдай салдарынан көз жұмды. Әуежайда жарнама экраны құлап, әйелді басып қалған.
Бұл қайғылы оқиға қазақстандықтарды бейжай қалдырмады. Қоғам тарапынан әуежайдағы қауіпсіздік шараларына қатысты да сұрақтар туындап отыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында санитарлық-техникалық бұйымдар өндіретін жаңа зауыт салынады
- авторОймақ
- 12 маусым, 2025
Көпбалалы ананың атына заңсыз несие рәсімдеген: алаяқтар банкте отыр ма?
- авторОймақ
- 11 маусым, 2025