бейсенбі, 15 мамыр, 2025 1:17

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астаналық сатушы "көз тиюден" арыламын деп алаяққа алданып қалған

Астаналық сатушы "көз тиюден" арыламын деп алаяққа алданып қалған
Фото: видеодан скрин
Ақмола облысында алаяқ көз тиюдің бетін қайтарамын деп дүкеннен азық-түлік ұрлап кеткен. Жалған емшінің құрбаны Атбасар өңірінің 30 жастағы сатушысы болып шықты. Көз тигеннен құтылу үшін қыз алаяққа ақша мен дүкеннен азық-түлік берген.

Дүкенге белгісіз біреу кіріп, дүкендегі қызға көз тигенін айтқан. Суды пайдаланып "тазарту" ырымы шамамен 50 мың теңге тұрады деген. Сатушы мұндай ақшсыа болмағандықтан, оның бір бөлігін қолма-қол ақшамен, қалғанын дүкеннен азық-түлікпен берді. Ол кеткеннен кейін қыз алаяқ құрбаны болғанын түсініп, полицияға хабарласқан. Жәбірленушінің айтуынша, ол гипнозға ұқсас күйде болған.

“Полиция бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр”, – деді .Ақмола облысы ІІД ЖПҚ-ның ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әсем Әбдірахманова.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар