сенбі, 10 мамыр, 2025 22:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Талғарда тағы атыс болған

Талғарда тағы атыс болған
istockphoto
Атыс туралы ақпарат әлеуметтік желіге шықты.

Атыс Алматы облысында болған. Әлеуметтік желілерде атыс болғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл 8 мамыр күні Талғар ауданындағы Қарабұлақ ауылында болғаны анықталды, деп хабарлайды baq.kz.

Алматы облысының полиция департаменті бұл ақпаратты растап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды. Ауруханаға жатқызылған төрт күдікті күзетте отыр. Бір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады полициядан.

Олар іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатқанын қосты.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Барлық кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады, – деп атап өтті Алматы облысының полиция департаменті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар