
Елге танымал журналист Руслан Өтепбай «Елге көмек» қайырымдылық қоры жетекшілерінің тағы бір алаяқтық әрекетін жария етті, деп жазды Oimaqnews kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
«Видеодағы аудионы Ілияс Сариев Жансұлу есімді келіншекке жіберген. Мақсаты жалғызбасты анаға несие алдыру. Алайда Жансұлу несие алып бере алмаймын дейді. Бірақ Илияс, анасының ауырып жатқанын алдыға тартып, өтініш емес, келіншекке талап қояды. Жансұлу Ілиясқа Құдайдай сеніп, оның туған қарындасына 2 миллион теңге несие алып береді. Алайда ол қыз Ілиястың қарындасы емес, сіз бен бізге таныс Ақтоты болып шығады» , - дейді журналист.
Руслан Өтепбайдың айтуынша, ең сорақасы Ақтоты келіншектің телефонын алып, басқа банктан тағы да 1 миллион теңге несие шығарып, дереу өзінің счетына аударып алған. Мұны Жансұлу тек күлісі күні байқаған.
Бұл дерек бойынша да Ақтоты мен Ілиястың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.