сенбі, 3 мамыр, 2025 5:34

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Соңғы қоңырау күні өзгерді

Соңғы қоңырау күні өзгерді
фото: ашық дереккөз
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстандағы соңғы қоңырау күнінің өзгергенін мәлімдеді.

Дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы аяқталуға жақын. Ведомствоның мәліметінше, еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын қорытындылайды. Оның ішінде 217 мыңнан аса 11-сынып оқушысы мектеппен қоштасады.

Былтырғыдай, 23 мамыр – оқу жылының соңғы күнінде – еліміздің барлық мектебінде «Білімім – Отанымa» ұранымен бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл білім беру жүйесі үшін маңызды шара – оқушылар мен ұстаздарға бірлескен еңбектерін қорытындылауға, бір-біріне алғыс айтуға, өткен оқу жылындағы ең елеулі сәттерді еске алуға мүмкіндік береді.

Биыл оқу жылының ресми аяқталу күні жексенбіге сәйкес келетіндіктен, 11-сынып түлектеріне арналған салтанатты шаралар 23 немесе 24 мамырда – мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша өтеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар