жұма, 2 мамыр, 2025 22:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркияда кесарь тілігін жасауға тыйым салынбақ

Түркияда кесарь тілігін жасауға тыйым салынбақ
Фото: Ru.freepik.com
Түркия билігі туу көрсеткішінің төмендеуімен күресу мақсатында медициналық көрсетілімсіз жоспарлы кесар тілігіне тыйым салмақ. Әйелдер құқықтарын қорғау ұйымдары мұндай шешіммен келіспейді. Елде бұл мәселе қызу талқыланып жатыр.

“2024 жылы 19 сәуірде “Түркия Республикасының ресми газетінде" жарияланған қаулыда: "Жоспарлы кесар тілігі енді медициналық орталықтарда жасалмайды" деген тармақ бар”, – деп жазды басылым.

Денсаулық сақтау министрлігінің шешімінде: шағын жекеменшік клиникаларда медициналық көрсеткіштерсіз жоспарлы кесар тілігін жасауға енді рұқсат етілмейді. Алдағы уақытта ота бөлімі жоқ емханаларда перзентхана бөлімшелерін ашуға мүлде тыйым салынады делінген.

Сондай-ақ жаңа ережелер науқастардың деректерін цифрлық құжаттауды және медицина мекемелерінің заманауи қауіпсіздік пен деректердің ашықтығы стандарттарына сай болуын міндеттейді. Медициналық процедуралардың ғылыми ұсынымдарға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету үшін тұрақты тексерулер жүргізілмек.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар