
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халық әртісі, әнші Майра Ілиясованы мерейтойымен құттықтады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz.сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Майра Ілиясова бүгін ерекше күн болғанын атап өтті.
Құттықтау хатты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыс еткен.
«Бүгін Халық әртісі, қазақтың жезтаңдай әншісі Майра Ілиясоваға Мемлекет басшысының құттықтауын табыстадым.
Қасым-Жомарт Кемелұлы әншінің ұлттық ән өнерін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, ыстық ықыласын, ілтипатын білдірді.
Майра Ілиясова – ұлт мәдениетінің өркендеуі жолында тынбай еңбек етіп жүрген, ғұмырлы шығармаларымен халықтың жүрегіне жол тапқан біртуар тұлға. Ол тек әнші ғана емес, өнердегі ізін жалғар жастарға жол сілтеген өнеге мектебі. Майра апамыздың тәрбиесін көрген шәкірттер бүгінде елдің сүйікті өнерпаздарына айналды.
Ұлт өнерінің шынайы жанашыры — Майра Ілиясоваға шығармашылық шабыт, зор денсаулық, толайым табыс тілейміз!» - деп жазды министр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.