бейсенбі, 1 мамыр, 2025 14:16

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ниқаб киіп, туды өзгерткен: сот үкімі шықты

Ниқаб киіп, туды өзгерткен: сот үкімі шықты
әлеуметтік желі
Ұсақ бұзақылық деп танып, 15 тәулікке қамады.

Атырауда маңдайында араб жазуы бар Қазақстанның жалауымен сұқ саусағын көтеріп суретке түскен төрт қызға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Сот мұны "ұсақ бұзақылық" деп танып, қыздардың біреуін 15 тәулікке қамады. 

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бабына сәйкес, мұндай әрекетке 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған", – дейді Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты.

Бұған дейін сот үкімімен қыздардың бірі 15 тәулікке қамалған еді. Оның жазасын ауырлатқан жайт әлгіндей әрекетке жасөспірімді тартқан және топ болып әрекет етуге мұрындық болған.

Екінші қызға 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынды. Үшінші, кәмелет жасына жетпеген қыздың ата-анасы да 39 мың теңге айыппұл арқалады. Фотода төртінші қыздың қандай жаза алғаны белгісіз.

Еске салсақ, Атыраудағы мұз айдынында төрт бойжеткен қара ниқаб киіп, өзгертілген Қазақстан туымен суретке түсіп, қоғам наразылығын тудырған еді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар