Пышақ ұстаған ер адам Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алды
- авторОймақ
- 7 наурыз, 2025
- 350

Пышақ ұстаған ер адам Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Желіде ер адам пышақпен қызды Алматы әуежайында шашынан ұстап тұрған бейне пайда болды. Оқиға 7 наурызда сағат 11:45 шамасында ішкі рейстер терминалында орын алған.
“Белгісіз бір ер адам жолаушының көзінше ұшу алдындағы тексеру аймағына жақындаған. Қызметкерлерден құжаттарды ұсынуды сұрағанда, ол кенеттен қауіпсіздік қызметкерін ұстап алып, оны пышақпен қорқыта бастады.7 минуттан кейін шабуылдаушыны полиция мен авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері қарусыздандырды. Қазіргі уақытта ол ұсталды, ТЖ мән-жайларын құқық қорғау органдары тергеп жатыр” , – делінген әуежай әкімшілігі мәліметінде.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында санитарлық-техникалық бұйымдар өндіретін жаңа зауыт салынады
- авторОймақ
- 12 маусым, 2025
Көпбалалы ананың атына заңсыз несие рәсімдеген: алаяқтар банкте отыр ма?
- авторОймақ
- 11 маусым, 2025