"Оны өзгерту – харам": ҚМДБ әйелдің тегін өзгертуге байланысты пәтуа шығарды
- авторОймақ
- 27 қаңтар, 2025
- 827
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі «Тұрмысқа шыққан қыз күйеуінің тегіне өтуі керек пе?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Діни басқарманың пәтуасына сәйкес, тұрмысқа шыққан әйел өз әкесінің атымен аталуы тиіс. Оны өзгерту – харам. Ал күйеуінің тегіне ауысуының оқасы жоқ, бірақ міндетті емес. Күйеуі де оны өз тегін алуға мәжбүрлеуі дұрыс емес.
Басқарма ғұламалары мұны Құран кітабындағы «Асыранды балаларыңды өз әкелерінің атымен атаңдар. Алланың құзырында ең дұрысы сол» деген аятпен түсіндірген.
Осы аятты алға тартып кейбір ғалымдар тұрмысқа шыққан қызға күйеуінің тегіне өтуге тыйым салады. Ал кейбір ғалымдар әйелдің күйеуінің фамилиясына өту ғұрыпта қалыптасқан әрі елге таныту мақсаты болса оқасы жоқ дейді. Өйткені Құранда: «Нұхтың әйелі және Лұттың әйелі» деп әйелдерді күйеуінің атымен танытып тұр, – делінген ғұламалардың түсіндірмесінде.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Сенатта су тасқынына дайындық мәселесі талқыланды
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда ұлы соққыға жыққан қарияның мәйітіне қайта сараптама тағайындалды
- авторОймақ
- 16 қыркүйек, 2025
Енді алаяқтардың құрбаны болған азаматтар өз атына рәсімделген несиелерді жоя алады
- авторОймақ
- 16 қыркүйек, 2025