
Оқиға 2 желтоқсанда Түрксіб ауданындағы "Norma Logistics" ЖШС қойма кешенінің аумағында болған. Мердігер ұйымның шебері дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде лифтіге қысылып қалған. Алған жарақаттарынан 21 жастағы жігіт сол жерде қайтыс болған.
"Түрксіб ауданының полиция басқармасында еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Адамның қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп хабарлады департамент.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында санитарлық-техникалық бұйымдар өндіретін жаңа зауыт салынады
- авторОймақ
- 12 маусым, 2025
Көпбалалы ананың атына заңсыз несие рәсімдеген: алаяқтар банкте отыр ма?
- авторОймақ
- 11 маусым, 2025