
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құлдықта болып, жезөкшелікке мәжбүрленген 16 жастағы қызға қатысты пікір білдірді.
«Ол отбасы біздің де, құқық қорғау органдарының да бақылауында. Осы жағдайдан кейін біз оларға баспана ұсынған болатынбыз. Ол кісінің де ұсыныстарын тыңдадық. Сол кезде басқа баспанаға көшуді ұсындық. Бірақ кейін қыздың анасы өз пәтерінде қалу жайлы шешім қабылдады. Біз оны қолдауға дайын болдық, оны одан әрі жалғастырамыз», - дейді Нұрлыбек Нәлібаев.
Айта кетейік, полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған еді. Сыныптастары сексуалдық құлдықта ұстаған Қызылорда облысындағы 16 жастағы қыздың ісі бойынша ер адам небәрі 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ер адам өзін Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерімін деп таныстырып, қыздан 700 мың теңге бопсалағаны анықталған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Параспортты дамыту ерекше назар аударуды талап етеді
Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында санитарлық-техникалық бұйымдар өндіретін жаңа зауыт салынады
- авторОймақ
- 12 маусым, 2025
Көпбалалы ананың атына заңсыз несие рәсімдеген: алаяқтар банкте отыр ма?
- авторОймақ
- 11 маусым, 2025