16 жастағы оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеген 11 адам қамауға алынды
- авторОймақ
- 19 қыркүйек, 2024
- 507
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қызылордада 16 жасар оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу туралы қылмыстық іске қатысты жаңа деректерді жариялады, де пхабарлайды Oimaqnews.kz Inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Осы бойынша 13 адам анықталды, оның ішінде 11-і қамауға алынды, екеуі үй қамақта отыр. Қазіргі кезде бірқатар бап бойынша қылмыстық істер қозғалды. 13 адамның арасында қызды мәжбүрлегендер де, ұйымдастырғандар да бар. Бұл іс бойынша басқа деректерді жариялай алмаймын, себебі оның мән-жайы тергеушілердің құзыретінде», - деді И. Лепеха Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, оқушы қызға қатысты заңсыз әрекет жасағандардың барлығы тексеріліп жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында санитарлық-техникалық бұйымдар өндіретін жаңа зауыт салынады
- авторОймақ
- 12 маусым, 2025
Көпбалалы ананың атына заңсыз несие рәсімдеген: алаяқтар банкте отыр ма?
- авторОймақ
- 11 маусым, 2025