жұма, 23 қазан, 2026 4:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

ШҚО-да 650-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан айырылды

ШҚО-да 650-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан айырылды
Фото: gov.kz
Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтығы бар 48 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2026 жылдың басынан бері 650-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан айырылды.

Басқа мемлекеттің азаматтығын алу Қазақстан азаматтығынан айырылуға әкеп соғады. Шетел азаматтығын алған адам бұл туралы 30 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органдарға хабарлап, Қазақстан Республикасының паспортын немесе жеке куәлігін тапсыруға міндетті.

2026 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 650-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан айырылды. Тағы 48 адам белгіленген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осындай жағдайлардың бірі Глубокое ауданында анықталды. 63 жастағы жергілікті тұрғын 2023 жылдың шілдесінде шет мемлекеттің азаматтығын алғанымен, бұл туралы уәкілетті органдарға уақытында хабарламаған. Оның Қазақстан Республикасының құжаттары алынып, азаматтығынан айырылуы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелді, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі

ШҚО ПД Көші-қон қызметі қос азаматтыққа Қазақстанда жол берілмейтінін еске салады.

Шет мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда уәкілетті органдарға уақытында хабарлап, Қазақстан Республикасының құжаттарын тапсыру қажет.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар