дүйсенбі, 21 қыркүйек, 2026 9:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Меркіде көз жұмған келіншектің қырық күндік асы өтті

Меркіде көз жұмған келіншектің қырық күндік асы өтті
Коллаж: ult.kz
Оның артында 10 айлық сәбиі қалды.

Жамбыл облысында 19 жасында қайтыс болған Мадина Рашидқызының қырық күндік асы өтті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Жан Ахмадиев Мадинаны Мадияр ішінен теуіп, баласын түсіргені туралы айтты. 

Мадина Меркі ауданына қарасты Қызыл қыстақ ауылында қайтыс болған. Оның артында 10 айлық сәбиі қалды.

Оқиғаға байланысты Жамбыл облысының полициясы Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша, яғни өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Қазір Мадинаның өліміне қатысты нақты мән-жайлар анықталып жатыр.

Бұған дейін марқұмның туыстары оның өліміне күмән келтіріп, денесінде көгерген жерлер мен жарақаттар болғанын айтқан. Алайда бұл мәліметтер әзірге туыстарының айтқанына негізделген, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы ретінде ұсынылған жоқ.

Мадинаның өліміне қатысты әлеуметтік желіде оның күйеуімен «Барни» тәттісіне байланысты жанжалдасқаны туралы да ақпарат тараған. Бұл мәліметті марқұмның құрбысы жариялаған. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар