Көлік полицейлері әуе кемесінің бортында тәртіп бұзған жолаушының құқыққа қайшы әрекетін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға Мәскеу – Астана бағытындағы әуе рейсінде болған. Әуе кемесі Астана әуежайына қонғаннан кейін ер адам акт бойынша көліктегі полиция басқармасының қызметкерлеріне берілді.
"Көлік полицейлері 36 жастағы шетел азаматын алкогольдік масаң күйде болғанын және қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтады. Ол әуе кемесі экипажының талаптарын орындамай, басқа жолаушылардың ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқан", – деді полиция.
Құқық бұзушы бірден бірнеше құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылды: ұсақ бұзақылық, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, сондай-ақ әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзу.
Сот шешімімен шетел азаматы 12 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар жолаушының бұған дейін де, бір жыл ішінде алкогольдік ішімдік ішкені үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Төретам теміржол вокзалы: тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғырды
- авторОймақ
- 18 қыркүйек, 2026
"Мен полиция қызметкерімін": шымкенттік қыз жауапкершілікке тартылды
- авторОймақ
- 18 қыркүйек, 2026





