1bol.kz мәліметінше, Асаубаева жарыстың алғашқы күнін 5,5 ұпаймен аяқтап, мықты қарсыластарын артта қалдырды. Ширек финалда қазақстандық шахматшы Германия өкілі Элизабет Петцпен кездесті. Негізгі партиялардан кейін жеңімпаз қосымша ойында анықталып, тай-брейкте Асаубаеваның мерейі үстем болды.
Жартылай финалда Бибісара грузиялық Нино Бациашвилимен күш сынасты. Қарсыласын анықтау үшін «Армагеддонға» дейін барған тартыста Асаубаева қара тастармен ойнап, өзіне қажетті тең нәтижені ұстап қалды. Осылайша ол финалға жолдама алды.
Турнирдің шешуші кезеңінде қазақстандық гроссмейстер украиналық Мария Музычукпен кездесті. Бибісара алғашқы партияны қара тастармен жеңіп, кейін ақ тастармен де қарсыласынан басым түсті. Қорытынды есеп – 2:0.
Енді Сен-Тропедегі бәсеке блиц турнирімен жалғасады. 26 тамызда сегіз шахматшы екінші жүлде жиынтығы үшін қайтадан сынға түседі. Турнирдің ресми бағдарламасына сәйкес, блиц жарысы жергілікті уақытпен сағат 15:00-де басталады.
Айта кетейік, Асаубаева бұған дейін АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өткен Cairns Cup 2026 супертурнирінде де жүлдегерлер қатарынан көрінген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Рыбакина денсаулығына байланысты Цинциннатидегі ширек финалды аяқтай алмады
- авторОймақ
- 21 тамыз, 2026






