Қазақстанда аптап ыстықтың салдарынан 26 адам қайтыс болды. Бұл туралы BES.Media басылымына Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының бас маманы Зәуре Нұридинова мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, биыл күннің ыстығынан көз жұмғандар саны өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп, себебі былтыр анағұрлым аз, яғни жеті адам қайтыс болған еді. Дәрігерлерге көбіне құрылысшылар мен күні бойы ашық аспан астында жұмыс істейтін азаматтар жиі жүгінген.
«Аптап ыстық әсіресе қарттарға, созылмалы дерті бар адамдарға және балаларға ауыр тиді», – деді Зәуре Нұридинова.
Соңғы айларда елімізде аптап ыстық пен күн өтуге байланысты 30 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың ішінде 200 азамат жағдайының ауырлығына байланысты ауруханаға жатқызылды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






