"Өмір бақи бас бостандығынан айырылсын": Нұрай Серікбайдың ағасы қарындасына қатысты жазба жариялады
- авторОймақ
- Бүгін, 08:44
- 50
Марқұм Нұрай Серікбайдың туған ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желідегі парақшасында қарындасына қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
«36 рет пышақ сұғылған. Елестетіңізші 36 рет. Он емес, жиырма емес, отыз да емес, отыз алты рет. Жай қолымызды тіліп алсақ жылап жібереміз, ал +-20 см пышақ кірігенде қандай сезімде боламыз? Ең өкініштісі – әр бір сұғылған пышақты нәзік Нұрай сезінді. Не деген ауыр өмір бұл. Ішім өртеніп барады. Тек өмір бақи бас бостандығынан айырылсын!», - деп жазған ол.
Сондай-ақ бүгін төртінші сот процесі өтетінін, оған сотталушының туыстары мен тергеуші, прокурор келуі тиіс екенін де жеткізді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






