сәрсенбі, 29 шілде, 2026 16:55

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Екі облыста теміржол вокзалдары жаңартылып жатыр

Екі облыста теміржол вокзалдары жаңартылып жатыр
көлік министрлігі
Дария және Мырза станцияларындағы теміржол вокзалдарының реконструкциясы аяқталды.

Қызылорда және Қарағанды облыстарында теміржол вокзалдарын жаңаррту жұмысы аяқталды. Жаңартылған нысандар жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, қауіпсіздік пен қызмет көрсету сапасының заманауи талаптарына сәйкестендірілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Қызылорда облысындағы 1904 жылы салынған Сексеуіл теміржол вокзалы ауқымды реконструкциядан өтті. Жөндеу барысында ғимараттың қасбеті мен шатыры жаңартылып, ішкі бөлмелеріне күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ энергия үнемдейтін шыны пакеттермен жабдықталған алюминий витраждар орнатылып, құрылыс-монтаж жұмысына отандық өндірістің сапалы материалдары пайдаланылды.

Жалпы ауданы 454,03 шаршы метрді құрайтын ІІІ класты вокзал тәулігіне орта есеппен 300-ге жуық жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы Алматы, Астана, Қарағанды, Атырау, Павлодар, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Маңғыстау, Жезқазған, Шымкент, Түркістан, Шу, Тараз қалаларына, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан бағыттарына қатынайтын 30 жолаушылар пойызы өтеді.

Сонымен қатар Қарағанды облысындағы Дария және Мырза станцияларындағы теміржол вокзалдарының реконструкциясы аяқталды.

1940 жылы пайдалануға берілген Дария вокзалы толық жаңартудан өтті. Екі қабатты ғимараттың инженерлік инфрақұрылымы жаңартылып, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес қосымша эвакуациялық шығу жолдары салынды. Бұл станция арқылы Астана, Қарағанды, Жезқазған, Семей, Балқаш, Павлодар, Түркістан, Шымкент, Шу, Тараз, Маңғыстау және Бейнеу бағыттарына қатынайтын 10 жолаушылар пойызы өтеді.

1987 жылы салынған Мырза станциясының вокзалы да күрделі жөндеуден өтіп, инженерлік коммуникациялары жаңартылды. Ғимараттың ішкі бөлмелері мен қасбеті жөнделіп, жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілді. Бұл станция арқылы Қарағанды, Қостанай, Астана және Көкшетау бағыттарына қатынайтын 6 жолаушылар пойызы жүреді.

Жаңарту жұмысы барысында барлық нысандарда отандық өндірістің құрылыс материалдары қолданылды. Жаңартылған вокзалдар қауіпсіздік, қолжетімділік және қызмет көрсету сапасы бойынша қазіргі талаптарға толық сәйкес келеді. Жобалар теміржол инфрақұрылымын дамытуға, өңірлердегі көлік қызметінің сапасын арттыруға және жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар