сәрсенбі, 29 шілде, 2026 12:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Бұл үшін қатты өкінемін": Данияр Елеусінов қамаудан босатылды

"Бұл үшін қатты өкінемін": Данияр Елеусінов қамаудан босатылды
фото скрин
Оны Астана қаласының әкімшілік соты 20 тәулікке қамауға алған болатын.

Олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусінов 20 тәулікке созылған әкімшілік қамаудан босатылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

28 шілде күні кешке әкімшілік қамауға алынғандарды ұстайтын арнайы қабылдау орнының қақпасы алдында спортшыны жұбайы мен достары қарсы алды.

– Оқиғаға қатысты... болған жағдай болды, өздеріңіз де көрдіңіздер. Бұл үшін қатты өкінемін, – деді Данияр Елеусінов Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.

Осыдан кейін боксшы өзін күтіп алған жақындарының сүйемелдеуімен көлікке отырып, кетіп қалды.

Еске салайық, Данияр Елеусінов 9 шілдеде мас күйінде көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасына себепкер болғаны үшін ұсталған еді. Астана қаласының әкімшілік соты оны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырған болатын.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар