сейсенбі, 26 мамыр, 2026 9:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

ҰБТ тапсыру кезінде 178 ереже бұзылған

ҰБТ тапсыру кезінде 178 ереже бұзылған
ашық дереккөз
Министрлік өкілдері тексеріс емтихан аяқталғаннан кейін де тоқтамайтынын ескертеді.

Бірыңғай ұлттық тестілеудің (ҰБТ) екінші аптасының қорытындысы бойынша ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 178 ереже бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Талапкерлердің айла-амалдары әртүрлі болғанымен, нәтижесі бірдей – емтиханға жіберілмеу немесе нәтижелердің жойылуы. 

ҰБТ кезіндегі бұзушылықтардың статистикасы:

Кіреберісте: 103 талапкер смартфон, смарт-көзілдірік, микроқұлаққап және шпаргалка алып кірмек болғаны үшін емтиханға жіберілмеді. 

Аудиторияда: Тестілеу барысында ереже бұзған тағы 75 талапкер аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері толығымен жойылды. 

Министрлік өкілдері тексеріс емтихан аяқталғаннан кейін де тоқтамайтынын ескертеді. Тестілеу өткен аудиториялардың бейнежазбалары 31 қазанға дейін мұқият талданатын болады. Егер жазбалардан алдау немесе рұқсат етілмеген құралдарды пайдалану фактілері анықталса, талапкердің тестілеу нәтижелері сол сәтте жойылады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар