сейсенбі, 26 мамыр, 2026 8:29

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Президент Астананы дамытуға қатысты тапсырма берді

Президент Астананы дамытуға қатысты тапсырма берді
Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қабылдап, елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөніндегі есеппен танысты.

Кездесу барысында Жеңіс Қасымбек Астанада негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өсім сақталғанын айтты. Оның сөзінше, биылғы төрт айда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 588 миллиард теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1 пайызға жоғары. Инвестициялар өңдеу өнеркәсібі, білім, медицина, көлік, сауда және логистика салаларына бағытталған.

Әкім Президентке Astana LRT жеңіл рельсті көлік желісінің толық іске қосылғанын баяндап, қоғамдық көлік жүйесін дамыту аясында жобаның екінші кезеңі пысықталып жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ елордада әлеуметтік нысандар құрылысы жалғасып жатыр. Соңғы жылдары қалада 44 мектеп салынса, жаңа оқу жылында тағы 12 білім беру мекемесі ашылады. Бұдан бөлек, екі оқушылар сарайы мен алты балабақшаны пайдалануға беру жоспарланған.

Жеңіс Қасымбек инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және Smart City жобасын жүзеге асыру барысы туралы да мәлімет берді. Биыл Астанада 173 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 1,1 миллион түп жасыл желек отырғызу көзделген.

Кездесу соңында Президент қала әкімінің жұмысын оң бағалап, Астананы одан әрі дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар