сейсенбі, 26 мамыр, 2026 8:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Magnific.com
26 мамырда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт құбылып, жаңбыр, найзағай, екпінді жел, тұман, шаңды дауыл және үсік күтіледі, деп хабарлайды Oimaqnews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, кей аймақтарда желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Әсіресе Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында найзағайлы жаңбыр мен қатты жел болжанып отыр.

Сонымен қатар елдің көптеген өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай, Ақтөбе және Павлодар облыстарында өрт қаупі күшейген.

Шығыс Қазақстан облысында түнгі уақытта 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Ал Абай және Атырау облыстарында шаңды дауыл күтіледі.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар