сенбі, 21 наурыз, 2026 10:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Асқар Жұмабек Айнұр Нарзиевамен болған жанжалға байланысты өз шындығын айтты

Асқар Жұмабек Айнұр Нарзиевамен болған жанжалға байланысты өз шындығын айтты
жеке архив
Бүгін әлеуметтік желіде модель Айнұр Нарзиева актер Асқар Жұмабекті өзін балағаттап, күш көрсетуге әрекет жасады деп айыптады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Айнұр Нарзиеваның айтуынша, оқиға жұмыс барысында болған. Ол актердің өзіне дөрекі сөздер айтып, тіпті шабуыл жасауға талпынғанын мәлімдеді. Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі пікірлерге себеп болды.

Ал актер Асқар Жұмабек бұл айыптауларды толық жоққа шығарды. Оның сөзінше, жағдай тек ауызша жанжал деңгейінде қалған.
«Жанжал болғаны рас, боқтағанымды мойындаймын. Бетіме қарап мені боқтап тұрған адамға үндемей тұра алмаймын. Табиғатым сондай! Мені оятып жіберші дегенім өтініш еді. Ақтап алу, даттап алу әрқашан сіздердің қолдарыңызда. Мен де адам баласымын, тікелей ол қызға ешқандай жаман ойым, жаман ниетім жоқ. Бір Аллаға тапсырдым», – деп жазды актер әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қазіргі таңда аталған оқиғаға қатысты ресми құқықтық баға берілген жоқ. Сондай-ақ құқық қорғау органдары тарапынан зорлық-зомбылық фактілері тіркелмегені белгілі болды.

Әзірге тараптар өзара айыптаумен шектеліп отыр. Ал желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты түрлі пікір білдіруде.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар