сәрсенбі, 18 ақпан, 2026 15:38

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматы-1 вокзалы жыл соңына дейін жаңартылады

Алматы-1 вокзалы жыл соңына дейін жаңартылады
ҚТЖ
Алматы қаласындағы «Алматы-1» теміржол вокзалы жыл соңына дейін толық жаңартылып бітеді.

Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатыр. Жоба аясында вокзал ғимараты мен оған тиесілі инфрақұрылым толық жаңғыртылады.

Реконструкция аяқталғаннан кейін вокзалдың өткізу қабілеті артып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалады. Сондай-ақ ғимаратта кедергісіз орта қалыптастыру көзделген. Бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен егде жастағы адамдар үшін қозғалысты жеңілдетуге бағытталған.

Бұдан бөлек, ғимараттың көтергіш конструкциялары күшейтіліп, сейсмотұрақтылығы арттырылады. Өрт қауіпсіздігі жүйесі мен бейнебақылау да жаңартылмақ.

Жобаны толық аяқтау жыл соңына жоспарланған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар