Қала тұрғындары ет, көкөніс, жеміс-жидек және сүт өнімдерін қолайлы бағамен сатып ала алады.
Жәрмеңке сағат 10:00–19:00 аралығында Keryen Joly аумағында (Алаш тасжолы, 35б) жұмыс істейді.
Өз өнімдерін Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілер ұсынады.
«Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидекті, ет, ұннан жасалған және сүт өнімдерін, түрлі тағамдар мен нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындар, тосап, джем және тағы басқа өнімдерді тиімді бағамен сатып ала алады», – делінген хабарламада.
Жәрмеңке өтетін жерге №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобус бағыттары барады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






