жұма, 12 желтоқсан, 2025 13:51

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Үш ай қатарынан 1 миллион теңгеден асса, бақылауға алынады

Үш ай қатарынан 1 миллион теңгеден асса, бақылауға алынады
Сергей Александров
2026 жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңге болады.

2026 жылдан бастап мобильді аударымдар арқылы үш ай қатарынан 1 миллион теңгеден астам қаражат қабылдаған азаматтардың табысы салық органдарының бақылауына алынады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қаржы министрлігінің жаңа бұйрығына сәйкес, бұған дейін салықшылар жасырын кәсіпкерлік қызметті тек аударым санына қарай анықтайтын. Яғни, егер азаматқа үш ай қатарынан ай сайын 100 және одан да көп әртүрлі адамнан ақша түссе, ол кәсіпкерлікпен айналысады деп есептелетін.

Енді бұл тәртіп күшейтіледі: енді тек аударым санына емес, түскен қаражат көлеміне де назар аударылады. Егер үш ай ішінде мобильді аударымдардың жалпы сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асып кетсе, азаматтың табысы кәсіпкерлік ретінде қаралады.

2026 жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңге болады. Демек, үш айда 100-ден астам мобильді аударымнан түскен сома 1,02 миллион теңгеден асса, азамат салық төлеуге міндеттеледі.

Бұл талап жеке тұлғалардың достарынан, туыстарынан алған бір реттік аударымдарына емес, жүйелі түрде табыс тауып жүрген адамдарға қатысты қолданылады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар