16 жасқа толмаған балаларға қай желіге тіркелуге тыйым салынатыны белгілі болды
- авторОймақ
- Бүгін, 10:22
- 14
Мәдениет және ақпарат министрлігі желтоқсан айының басында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеген-тін. Жобаға сәйкес, 16 жасқа толмаған желі пайдаланушыларын онлайн-платформаларға тіркеуге тыйым салынбақ. Мәдениет және ақпарат министрлігі елімізде 16 жасқа толмаған балаларға нақты қай желілерге тіркелуге тыйым салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Аталған заң жобасы барлық әлеуметтік желіні қамтымақ. Қазір Министрлікте әлеуметтік желілерге қатысты техникалық нормалар талқыланып жатыр. Бүгінде бұл тәжірибе көп елде қолданысқа енді. Бұл – әлемде бар практика. Көп ел бұл шарарарды қолданып жатыр. Бұл – мқалыпты жағдай. Себебі бұл ең алдымен балалардың қауіпсіздігіне тікелей қатысты. Қазір ірі әлеуметтік желілердің әкімшілері бұл процесті қалай реттеу керек екенін қарастырып жатыр. Жалпы, бұл – дүниежүзі бойынша ауқымды жүріп жатқан процес», – делінген ведомство жауабында.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





