бейсенбі, 6 қараша, 2025 20:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қазақстанға сапармен келеді

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қазақстанға сапармен келеді
Фото: zakon.kz
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 2026 жылы Қазақстанға ресми сапармен келуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Бұл туралы ол 5 қараша күні Вашингтонда өткен Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлеріне арналған C5+1 форматындағы қабылдау кезінде айтты.

Іс-шарада алдымен АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау мен АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Сержио Гор сөз сөйледі. Екеуі де қазан айының соңында Қазақстан мен Өзбекстанға сапармен келген болатын.

Кристофер Ландау өз сөзінде Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері бар екенін атап өтті:

"Біз жақында аймаққа сапар жасап, екі елде болдық. Бұл өңірдің мүмкіндігі зор – бизнес, серіктестік, даму тұрғысынан. Қазір АҚШ пен Орталық Азия республикалары үшін ерекше кезең деп санаймын", – деді ол.

Өз кезегінде Сержио Гор Қазақстан мен Өзбекстандағы сапарының жоғары деңгейде өткенін айтып, жергілікті халықтың қонақжайлығына алғыс білдірді:

"Орталық Азиядағы қонақжайлылық ерекше. Дәмді ас, бай мәдениет пен тарих менің бұл өңірге алғашқы сапарымды ұмытылмас етті", – деді Гор.

Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Орталық Азия елдерімен серіктестікті нығайтуға ниетті екенін айтты.

"Кристофер Ландау мен Сержио Гордың өткен аптадағы сапары маңызды болды. Мен де келесі жылы барлық бес елге – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанға баруды жоспарлап отырмын. Бұл сапар шамамен бір аптаға созылады", – деді Рубио.

Айта кетейік, осы түні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ астанасы Вашингтонға ресми сапармен ұшып келді. Оны әуежайда Кристофер Ландау қарсы алды.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар